Шымкентте граната жарылып, екі курсант жарақат алды

1189
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, бірнеше курсант жарақат алды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында полицейлер оқу-жаттығу өткізіп жатқаны, оның барысында "күтпеген жерден шулы граната лақтырғаны" туралы ақпарат пайда болған. Бес адамның жараланғаны хабарланған еді.

"Бұл факті жоспарлы оқу-жаттығу шаралары кезінде орын алған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады Шымкент қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар екі курсанттың әлі ауруханада жатқаны белгілі болды.

"Қазіргі уақытта екі курсант медициналық мекемеде емделіп жатыр, олардың жағдайы тұрақты", – делінген хабарламада.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер