Алматының Бостандық ауданына қарасты Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасында 3-курста оқитын курсанттың мәйіті табылды. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, - деп жазады "Адырна".
"2023 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасында 3-курс курсантының мәйіті табылды. Ол өз-өзіне қол жұмсаған", - делінген хабарламада.Бостандық аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өз-өзіне қол жұмсау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағаны түсіндірілді. ҰҚК қайтыс болған курсанттың отбасына қолдау көрсетіп жатқандарын мәлімдеді.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Біраз танысыма ҰҚК суретін жолдап, "Мейрамыңмен!" деп жазып жібергем ғой. Пәшти жартысынан "Рахмет! Ешкім білмей-ақ қойсыншы" деген жауап келіп тұр.
