Қостанайда бұрынғы курсант оқу ақысын қайтармау үшін сотқа жүгінді

925
Adyrna.kz Telegram

Қостанайда өз еркімен оқудан шыққан бұрынғы курсант оқу орнына 2 728 525 теңге қайтармау үшін сотқа арызданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қостанай қалалық сотында қаралған іс материалдарына сәйкес, курсант оқу орнын өз қалауымен тастап, ішкі істер органынан босатылған. Алайда, оған мемлекет төлеген оқу шығындарын қайтару туралы хабарлама жіберілген.

Сот барысында талапкер келісімшарт жасасу кезінде оқу орны жалпы оқу ақысы туралы ақпаратты жасырғанын алға тартты. Алайда сот келісімшартқа сәйкес, курсанттың оқуды бітірген соң кемінде 5 жыл ішкі істер органында қызмет етуге міндетті екенін анықтады. Егер оқудан өз еркімен шықса, мемлекет жұмсаған шығынды өтеуі тиіс.

Курсантқа оқу барысында ай сайын 367 066 теңге көлемінде қаржы бөлінген. Оған оқу ақысы, стипендия, тамақтану, киім-кешек және жол шығындары кірген. Талапкер барлық шарттарға жеке өзі қол қойған.

Нәтижесінде сот бұрынғы курсанттың талабын қанағаттандырудан бас тартты. Қазіргі таңда сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер