Мемлекеттер Еуроодақпен шекарадағы мигранттарға қатысты жағдайға байланысты Беларуське қарсы жаңа санкциялар енгізеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
АҚШ Польша-Беларусь шекарасындағы мигранттарға қатысты жағдайға байланысты Беларусьқа қарсы жаңа санкциялар әзірлеп жатыр. Бұл туралы 15 қараша, дүйсенбіде Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Нед Прайс мәлімдеді.
"Біз Еуропалық Одақпен, серіктестерімізбен және одақтастарымызбен келісе отырып, жаңа санкциялар дайындап жатырмыз. Біз Александр Лукашенко режимін демократияға шабуылын, адам құқықтары мен халықаралық нормаларды бұзуды жалғастырғаны үшін жауапқа тартуды жалғастырамыз", - деді Прайс.
Ол АҚШ-тың Еуропадағы одақтастарымен Беларусь билігіне қатысты алдағы қадамдар бойынша әрекеттерін үйлестіруді жалғастыратынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ЕО Беларуське қарсы бесінші санкциялар пакетін енгізген болатын. ЕО санкцияларының жаңа пакеті Беларусь билігі ұйымдастырған көші-қон дағдарысымен байланысты.
"Адырна" ұлттық порталы