Жезқазған қаласындағы Kazahmys Energy ЖЭО-да ірі өрт болды, тұрғын үйлер мен кеңсе ғимараттарының 40 пайызы бірнеше сағат бойы жарықсыз қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Патриот» порталы жазғандай, төтенше жағдай 7 қараша күні сағат 18:43-те болған. Өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады.
Электр цехының кәбілдік еденіндегі жарамсыз болған пластикалық шамдар, жоғары вольтты басқару кабельдері және бес терезе блогы өртеніп кеткен. Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күшімен электр цехынан жеті адам эвакуацияланды. Өрт 20:11-де сөндірілді, — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Төтенше жағдайға байланысты Жезқазғандағы тұрғын үйлер мен нысандарға электр қуатын беру шектелді – 30-40 пайызды айтып отырмыз. Қаланы электр энергиясымен толық қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Сағат 22:00 шамасында кейбір үйлер электр жарығына қосылып, электр қуатынсыз қалған үйлердің саны 15 пайызға жуықтады. Қазірдің өзінде сағат 23:00-де апатты желілерден қайта қосу аяқталып, барлық тұтынушыларға электр қуатын беру қалпына келтірілді. Жылумен қамту жүйесінде ақау болған жоқ. Барлық жылу магистральдары жұмыс істеді және әдеттегідей жұмысын жалғастыруда», - деп хабарлады Жезқазған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Адырна" ұлттық порталы