Бақытжан ПАЗЫЛОВ: Шымкент ауруханалары күрделі оталар жасауды жүйелі түрде қолға алды

5988
Adyrna.kz Telegram

Соңғы кездері Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласы бойынша үлкен өзгерістер орын алды. Атап айтсақ, бүйрек алмастыру, бауыр ауыстыру сияқты күрделі ота түрлері жасала бастады. Бірнеше жаңа ғимараттар бой көтерді. Жедел-жәрдем қызметінің сапасы да артқан. Мықты-мықты мамандар арнайы шақыртумен тартыла бастады. Мұның бәрі де өлім-жітімнің азаюуына септігі тиіп отыр.

Бұл туралы бізге Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Пазылов әңгімелеп берді.

Сұхбат барысында бүгінгі таңдағы қалалық аймақтардағы емханалардың тыныс-тіршілігі мен ауруханалардағы күрделі оталарға қатысты, денсаулық сақтауға бөлінетін қаржы мен назардың бүгінгі жай күйіне байланысты түрлі сауалдарға жауап алынды. Бақытжан Пазылов өз сөзінде:

"Жалпы биылғы тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы өте үлкен, аса ауқымды мейрамдардың бірі. Ата бабаларымыздың аңсап кеткен тәуелсіздігінің арқасында ешкімге қол жайып, ешкімнен нан сұрап отырған жоқпыз. Соның ішінде медицина саласына келетін болсақ, биыл осы Шымкент болып бөлінгенімізге де біраз уақыт боды. Бұл да бір дербестігімізді білдіреді. Қазір  міне өзімізше облыс, өзімізше қала болдық. Соның ішінде мегаполис болғаннан кейін әр салаға жауапкершілік арта түсті. Оның ішінде медицина саласы да бар. Ең басты мақсат біздегі, ол медицина салсының сапасын көтеру. Мысал ретінде алатын болсақ бізде Шымкент қаласынан өте көп науқастарымыз Нұр-Сұлтан, Алматы, шет ел асып Ташкент, тіпті Корея елінің қалаларынан ем іздеп кететін еді. Себебі біз ол уақыттарда күрделі оталарды жасай алмайтын едік. Оған да себеп көп еді. Біріншіден  мамандар, екіншіден құрал жабдықтар дайын емес еді. Экономикамыз соншалықты құрал жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік жасай алмайтын еді. Ал дәл бүгінгі күні, осы 30 жылдықтың төңірегінде алып қарайтын болсақ аталған осындай өте күрделі операцияларды біз өзіміз жасап отырмыз" деді.

Туу көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы ең алдыңғы қатарлы қалалардың бірі екенін баса айтты. Пазыловтың сөзінше Шымкентте әр 15 минут сайын дүниеге сәби келеді екен. Сонымен қатар 14 мемлекеттік, 20 жеке меншік емхана денсаулық саласын дамытуда тынбай еңбектеніп жатқанын тіліне тиек етті. Халықтың 30 пайызы жеке меншік емханаға тіркелген болса, қалғаны мемлекеттік емхананың көмегіне жүгінетінін айта кетті.

"Бүкіл Қазақстан бойынша қамтып отырған KAZМEDPRIBOR атты кәсіпорын компаниясы қазіргі таңда өкпені жасанды желдету аппаратын, мониторларды, УЗИ, рентген және тағысын тағы, көптеген қажетті медициналық құрал жабдықтардың бәрін шығарып жатыр" деді Бауыржан Пазылов.

Толығырақ мына сілтеме бойынша көре аласыз:

">
 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер