Шымкентте белгілі актерлер мәслихат сайлауында дауыс берді

354
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zt0gOXZNgXM693BEEXm0v50QrVhuSeFBR7K0bZA5.jpg

Бүгін Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде орналасқан №101 сайлау учаскесінде белгілі актерлар Нүркен Иманқұлов пен Шапағат Орынбаев дауыс берді.

Өнер саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған қос актер ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық таңдауларын жасады.

Олардың айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам. Өйткені, бүгінгі таңдау ертеңгі күннің бағытына, қоғамның дамуына және жергілікті жерлердегі өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етеді.

Әсіресе, мәслихат депутаттарының жұмысы тұрғындардың күнделікті өмірімен тығыз байланысты. Олар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді көтеріп, халықтың талап-тілегін жергілікті билікке жеткізуге атсалысады.

Сондықтан азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы – қоғамдағы жауапкершілік пен ортақ іске деген жанашырлықтың көрінісі. Белгілі актерлар да қала тұрғындарын өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.

Пікірлер