МАҚПАЛ ЖҮНІСОВА: 15 жыл бойы ешкім “тұрмысқа шық” демеді

9304
Adyrna.kz Telegram

Әнші Мақпал Жүнісова 15 жыл уақыт ішінде ешкім тұрмысқа шық деп ұсыныс жасамағанын ашып айтты. Анасы да екінші рет күйеуге шығуға қарсылығын білдірген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Зәкеңнің қайтқанына 15 жыл болды. Ол маған әлі тірі секілді. Архив бар, суреттер бар. Әлі тірі жүрген секілді. Қызымды күйеуге берсем, соңынан өзім де ұзатыламын деп әзілдеймін. Бірақ қазір маған кім қарайды? Жасым 56-да. Зәкең қайтқанда 41 жаста едім. 42-ге қараған шағым. Содан бері ешбір азамат келіп: «Мен саған ғашықпын. Маған тұрмысқа шық. Жүр менімен» деген емес. Ешкім ондай батырлық жасаған жоқ», – деді әнші.

Анасы да қатаң тыйым салған.

«Анам да айтты: «Мен тірі тұрғанда күйеуге тимейсің. Біз де жесір қалдық. Өлген жоқпыз. Балаларды жеткізуді ойладық. Сен де қызыңды ойла” деді. Анам 47 жасында әкемнен айырылған. Солай тұрмыс құрмады. Мен де бұл тақырыпқа нүкте қойғанмын», – деді халық әншісі «Менің өмірім» бағдарламасында.

Марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтен кейін ешқандай адамды өзінің адамы ретінде көрмегенін айтады.

«Зәкеңмен салыстырып тұрамын. Маған одан артық азамат жоқ. Күйеуге тисем де, ол маған ұнамай тұрар. Себебі, салыстыру болады. Тағы ажырасып жатсаң, жақсы атақ емес. Сондықтан қазір мен немере бағатын уақыттамын. Маған содан асқан бақыт жоқ», – деді Мақпал Жүнісова.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер