Алтыншаш Мұқатаеваның “Ғашықпын” атты мотивациялық шығармашылық кеші өтеді

206
Adyrna.kz Telegram

Роза Бағланова атындағы “Қазақконцерт” залында қазанның 29-ы сағат 19:30 да мәдениет саласының үздігі, әнші Алтыншаш Мұқатаеваның “Ғашықпын” атты мотивациялық шығармашылық кеші өтеді.

Алтыншаш түрлі халықаралық конкурстардың жеңімпазы әрі лауреаты атанып, сахнаға 10 жылын арнаған жарық жұлдыз. Ол ән кешінде әуезді әндерін шырқап, өмірі мен өнері, қуанышы мен қиындықтары, жетістіктері мен жеңілістері туралы сыр шертеді.

“Осы жылы өмірімде күрделі сәттер болды. Ауруханада жатқанда осы концерт қайта тұруыма септігін тигізді. Бұл концертте айналама, өмірге ғашық екенімді көрсетемін, сол себепті де концерттің аты “Ғашықпын” деп аталады. Ән кешімде тек ән айтып ғана қоймай, басқа да қырларымды көрсету мақсатында өзгерістер енгіздік” - дейді Алтыншаш.

Концертке ҚР еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айзат Қарабек, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Бауыржан Исаев, Ербол Тәжібаев және «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры, т.б. өнерпаздардың қатысуымен өтеді.

Пікірлер