Әнші Кредоны Ресейден Қазақстанға ұшырмай қойды

1903
Adyrna.kz Telegram
Фото: flectone.ru
Фото: flectone.ru

Ресей әншісі Мистер Кредо Ресейден Қазақстанға жіберілмеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengri.news-қа сілтеп.

Әнші 13 шілде күні Астанада, 14 шілде күні Алматыда өтіп жатқан ретро фестивалінде өнер көрсетуі керек еді.

«Мені Ресейден Қазақстанға ішкі паспортпен жібермей қойды», - деді әнші Кредо.

Сондай-ақ ол Беларусс мемлекеті арқылы да ұшуға тырысқанын айтты.

«Бірақ Беларусьте 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап заңдар өзгергендіктен, қазір мен Қазақстанға халықаралық төлқұжатсыз ұша алмайтын болып шықтым, бұл менің ойымда да жоқ, өйткені барлық билеттер ішкі карта арқылы сатып алынған екен », - деді Мистер Кредо.

Фестиваль ұйымдастырушылары да әншінің бұл кешке келмеуіне қатысты мән-жайды түсіндірді.

«Әнші 12 шілде күні кешке Ресейден Қазақстанға ұшуы керек еді. Алайда оған ұшуға тыйым салынды. Ұйымдастырушылар ретінде оның қарыздары туралы мәлімдемесін алып жатырмыз. Оның шетелге шығуға арналған құжаты жоқ болғандықтан оған ұшуға тыйым салынған. Біз ұйымдастырушы болғандықтан мәселені шешуге тырыстық», - деді ұйымдастыру комитеті.

Пікірлер