Жапон ғалымдары бұрын белгісіз инфекция тудырған жаңа ауруды тапты. Мамандар анықтай алған "Йезо" деп аталатын жаңа вирус кене шаққанда жұғатынын анықтады. Бұл зерттеу нәтижелері Nature Communications журналында жарияланған.
2014 жылы Жапонияда белгісіз патогенді жұқтырудың алғашқы жағдайлары тіркелген. Ал 2020 жылға дейін ұқсас белгілері бар жеті науқас ауруханаға түскен еді. Аурудың белгісі дене қызуының жоғарылауымен сипатталды, науқастардың қанында лейкоциттер мен тромбоциттер саны азайып кетеді.
Жапон зерттеушілері екі науқастың қан үлгілерінен вирусты бөліп алып, қарастырған. Ғалымдар жұқтырған адамның қаны Ortonairovirus тектес бұрын белгісіз қоздырғышы бар екенін анықтады. Бұл түрге сонымен қатар Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының вирусы кіреді.
2019 жылы кене шаққан соң дене қызуы көтерілген Хоккайдо аралындағы ауруханаға екі науқас жеткізілген. Қан анализі кене шаққан адамдарға белгісіз вирус жұққанын көрсетті. Осыдан кейін ғалымдар 2014 жылдан бері ұқсас белгілері бар науқастардың қан үлгілерін қайта тексерді. Зерттеушілер "Йезо" инфекциясының жеті жағдайын анықтады.
Вирустың көзін анықтау үшін зерттеушілер осы аймақтағы жабайы жануарлардан алынған үлгілерді скринингтен өткізді. Вирустың негізгі көзі кене екені анықталуда.
"Адырна" ұлттық порталы