Қытайдың Huawei компаниясының 2021 жылы смартфон шығарудан түскен қаржысы 40 миллиард долларды құрайды деп хабарлады компанияның басқарма төрағасы Эрик Сюй.
Сюй смартфондар бөлімінің Huaweiге 2020 жылы шамамен 50 миллиард доллар табыс әкелгенін айтты. Ол 2021 жылы компанияның осы саладағы кірісі 30-40 миллиард долларға дейін азаятынын болжап отыр.
Huawei төрағасы компания АҚШ үкіметінің санкциялары жағдайында жұмыс жасауға үйреніп жатқанын айтты. Сонымен бірге ол алдағы жылдары Huawei смартфон өндіру бизнесіне келген шығынды қалпына келтіре алмайтынын мойындады.
АҚШ үкіметі Huaweiге 2019 жылы санкциялар салуды бастады. Қытайлық компанияға американдық компаниялармен еркін ынтымақтастыққа тыйым салынған болатын. Бұл компания үшін үлкен соққы болды.
"Адырна" ұлттық порталы