Мұстафа Шоқай – 135. Қайраткердің сирек фотосуреттері көпшілікке ұсынылды

510
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ysW33sa4nDEccMaCfpYn8n5OGtEbQG3N1U1Ww5Dm.jpg

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың 135 жылдығына орай Ұлттық музейде «Мария Шоқай: махаббат пен адалдық тарихы» атты көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Экспозицияда Мария Шоқай ұзақ жылдар бойы көзінің қарашығындай сақтаған 50-ден астам түпнұсқа фотосурет ұсынылған. Бұл фотосуреттер арқылы ерлі-зайыптылардың өмір жолын, рухани байланысын, қилы тағдырын айқын көруге болады.

«Аталған көрме – ХХ ғасырдың күрделі тарихи кезеңінде эмиграцияда өткен Мұстафа Шоқайдың тағдырлы ғұмырын оның адал жары әрі сенімді серігі Мария Шоқайдың көзімен танытатын ерекше жоба»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар экспозицияда олардың ортақ достары және замандастарына қатысты тың деректер қамтылған. Қойылған фотосуреттердің бір бөлігі Ұлттық музей қорына сыйға беріледі.

Айта кетейік, 31 желтоқсан күні өткен көрменің ашылу салтанатында Мұстафа Шоқайдың туысы Гүлбаршын Заирова бұған дейін көпшілік назарына ұсынылмаған отбасылық фотосуреттерді музей қорына табыстаған болатын.

Көрме 31 қаңтарға дейін өтеді.

Пікірлер