Айзат Жұманованы аяусыз өлтірген Айбар Жанболатқа сот үкімі шықты

267
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxZnz56jF7rJLSnzUVHzZCsxKjzyg8YQORsQungp.jpg

Талдықорғанда қаза тапқан Айзат Жұманованың күйеуіне сот үкімі шықты. Айбар Жанболат әйелін өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна".

"Жанболат медициналық көмек көрсетпеген және жасалған ауыр қылмысты жасыру мақсатында Айзатты бірнеше сағаттан кейін, түнгі шамамен 2:30-да ғана ауруханаға жеткізген", – деп көрсетілген айыптау актісінде. 

Тергеу деректеріне сай, 33 жастағы ер адам мас күйінде өз үйінің маңында әйелін аяусыз ұрып-соққан. Айзат есінен танса да, күдікті оны ұруын жалғастырған. 

Әуелгіде бұл іс "абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бабымен тіркелгенімен, мәйітті эксгумациялап, қосымша сараптама жүргізілгеннен соң іс "адам өлтіру" бабына ауысты. 

Сот процесі басталғанда Айзат Жұманованың туыстары марқұмның жүкті болуы мүмкін екенін және мәйітханадан алған кезде оның денесінде атқа байлап сүйрегендей іздер болғанын жеткізген еді. Бірақ, Тахир Халимназаров сотта бұл екі нұсқаны растамады. 

Пікірлер