Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары мен АҚШ елшісі кездесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев АҚШ-тың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Джули Стаффтты қабылдады.
Кездесу барысында америкалық дипломат сенім грамотасының көшірмесін тапсырды.
Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің қазіргі ахуалы мен оны одан әрі дамыту бағыттарын талқылады. Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты өзара пікір алмасты.
Кездесу қорытындысында вице-министр мен елші конструктивті әрі өзара тиімді жұмыс жүргізуге дайын екенін білдіріп, саяси диалогты тұрақты негізде жалғастыруға уағдаласты.
2025 жылы қазан айында министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалғанға дейін Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және елшісі қызметін атқарған. Бірнеше жыл бұрын АҚШ президенті Дональд Трамптың көмекшісі болған Джули Стаффт ханым да осы елдің Қазақстандағы елшісі болып 2025 жылдың қазан айында тағайындалған еді.