АҚШ-тағы терракт: 20 жыл өтті

2091
Adyrna.kz Telegram

Осыдан тура 20 жыл бұрын, яғни 2001 жылы 11 қыркүйекте 19 террорист төрт жолаушы ұшағын жүргізіп әкетіп, тарихта ең ірі теракт жасады. Осы террактіден үш мыңға жуық адам қаза тапқан еді. Екі ұшақ бірінен соң бірі Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының қос мұнарасына соқты. Содырлар үшінші ұшақты Пентагон ғимаратына бағыттаған. Ал төртінші ұшақтағы жолаушылар терроршыларға қарсылық көрсетіп, ұшақ Пенсильвания штаты аумағына құлаған. Осы оқиғалардың барлығы небәрі екі сағатқа жуық уақыттың ішінде болған.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, осы оқиғаға байланысты бүгін АҚШ Президенті Джо Байден теракт орындарына барып, еске алу шараларына қатысады. Сондай-ақ Байден мен вице-президент Камала Харрис төртінші ұшақ құлаған Пенсильваниядағы Шанксвилл алаңындағы мемориалға да барады.

Айта кету керек, аталған терактіге жауап ретінде АҚШ пен оның одақтасы Ұлыбритания 2001 жылы 7 қазанда әскери операция бастап, тәлібтер мен террористік ұйымдарды жоюды көздеді. Олар ең бірінші кезекте "Әл-Қаиданы" нысанаға алған болатын.

Ең сорақысы, аталған теракті кезінде 2977 адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақаттанған болатын.

   

Бүгінде көпшілік жадында қалып қойған бұл оқиғаға байланысты әлем елдері әр түрлі деректі фильмдер мен кинокартиналар түсірді. 

 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер