Кенесары ханның бас сүйегі табылды

3429
Adyrna.kz Telegram

Orda.kz порталына үш тәуелсіз дереккөз Кенесары ханның бас сүйегінің ілеспе құжаттарға сәйкес табылғанын және генетикалық сараптамадан кейін Қазақстанға қайтарылатынын растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Соңғы қазақ ханы Кенесарының бас сүйегі Омбы қаласындағы музейлердің бірінен табылған. Оның түпнұсқалығын құжаттар, атап айтқанда экспонаттың төлқұжаты растап отыр. Десе де, зерттеушілер қазір жүргізіліп жатқан генетикалық сараптаманың маңызы зор екенін атап өтті. Ол аяқталып, оң нәтиже болған жағдайда тарихи табыс ресми түрде жарияланатын болады. Яғни, соңғы және шешуші сөзді генетиктер айтады.  Мамандардың сараптамасы мұражайлардың бірінен табылған бас сүйектің шынымен де Қазақ хандығының соңғы ханы, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлына тиесілі екенін заңдастырады және түпкілікті растайды.

Айта кетейік, ханның бас сүйегі бірнеше жылдар бойы көптеген қоғамдық ұйымның өтініші бойынша ізделіп жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер