Планетадағы ғылымы мен технологиясы дамыған, өркениеттің көшін бастаған елдердің барлығын ұлтшылдар басқарады. Дүбәрәләр басқарып, 30 бәсекелес елдің қатарынан орын алған мемлекеттің орны әлемнің ешбір елінің тарихында жазылмапты. Дүбәрәләр басқарған елдерде ділі жоқ, жартылай адам, жартылай хайуандар ғана басты рөлді ұстап алады.
Неге?
Себебі, тілі мен ділі бұзылған, ұлттық болмысынан айырылып қалған кез келген пенде сатқын, жемқор, зұлым, ұлт деген түсініктен маһрұм болып қалады. Тек қана қарынның ғана қамын ғана ойлайтын космополитке айналады. Біздің қазіргі өкіметтегі отырған адамдардың басым бөлігі осындай мәңгүрттер.
Сонда кейін ұлтшылдар басқарған елдердің ғылымы мен технологиясы да өздерінің (АНА тілінде) тілдерінде сөйлейді. Ғылым мен технологияға басымдық берген елдердің барлығы өркениеттің көшін сүйреп бара жатыр. Анықтап қараңыз, олардың барлығы да өздерінің ана тілінде өркениеттің көшін бастап жатыр. Қазір Илон Маск ұшақтан екі есе жылдам отарбаны іске эксперимент ретінде эксплуатацияға шығарды. Ұлтшылдар басқарған елдерде кел кез келген жас дарындыға барлық мүмкіншілікті ашып берген. Олардың ішкі потенциалын тек жақсылыққа ғана жұмсайды. Оның ғылым мен білімге құштарлығын оятып, жұмыс жасауына барлық жағдай жасалады. Ел сондықтан өркендеп дамиды.
Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, АҚШ сияқты ғылым мен технология державаларының жас балаларды жастайынан оқу мен білімге баулу, жол көрсетуі мен бағыт көрсеткеніне зер салсаңыз, қазақтың дәл қазіргі жағдайы есіңе түсіп, көзіңнен жас шығады. Егер де өркениетті мемлекет боламын деген ниетңмңз болса, барлық салаға ұлтым десе ішкен асын ұмытатын ұлтшыл жастарға ғана тізгінді ұстату керек.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы