Тәліптер Құндыз қаласын басып алды

5573
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстанда "Талибан" қозғалысының содырлары (бірнеше елде тыйым салынған террористік ұйым – ред.) елдің солтүстігіндегі үшінші провинциялық астана Құндыз қаласын басып алды. Бұл туралы қарулы топтың өкілдері мәлімдеді.

Жексенбіде тәліптер полиция штабын, губернатордың резиденциясын және Құндыз қаласындағы түрмені басып алған.

Бұған дейін Ауғанстан мен Орта Азияның солтүстік провинцияларына кіретін қақпа болып саналатын 270 мың халқы бар бұл қалада шайқастар жүріп жатқандығы туралы хабарланған болатын.

Рейтер агенттігінің мәліметінше, бейбіт тұрғындар арасында қаза болғандар бар.

Айта кетейік, Құндыз 2015, 2016 жылдары да радикалды топтың қолына өткен болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер