Венесуэланың уақытша президенті АҚШ-қа бірлескен даму жөнінде ұсыныс жасады

635
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EHv1Em8cuzvIcFjJZCQJxNBUxHuGJvvGhqO6Zi09.jpg

Венесуэла билігі АҚШ-қа «бірлескен дамуға бағытталған» ынтымақтастықты ұсынды. Бұл туралы Венесуэла мемлекет басшысының міндетін атқарушы Дельси Родригес АҚШ президенті Дональд Трампке жолдаған үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біздің еліміз сыртқы қауіп-қатерсіз, өзара құрмет пен халықаралық ынтымақтастық жағдайында өмір сүруге ұмтылады. Біз бүкіл әлемдегі бейбітшілік, ең алдымен, әрбір ұлттың тыныштығын қамтамасыз етуден басталады деп санаймыз», – деп жазды Родригес өзінің Telegram-арнасында.

Айтуынша, Венесуэланың бейбіт өмірге, дамуға және егемендікке толық құқығы бар.

«Біз АҚШ пен Венесуэла арасындағы теңгерімді әрі өзара құрметке негізделген халықаралық қатынастарды дамытуға басымдық береміз», – деп атап өтті ол.

Еске салайық, 3 қаңтарда АҚШ күштері Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайын елден алып кеткеннен кейін Венесуэланың Жоғарғы соты вице-президент Дельси Родригесті уақытша мемлекет басшысы етіп тағайындаған болатын.

Пікірлер