Қызды құтқарамын деп жас бала өзі суға кетті

7919
Adyrna.kz Telegram

Семей қаласының 14 жасар тұрғыны Нұржігіт Әшімжанов Ертіс өзенінің жағасында батып бара жатқан қызды құтқарамын деп ерлікпен қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Бұл туралы Facebook желісінің белсенді қолданушысы айтты.

Нұржігіт Ертіс өзеніне достарымен демалуға барған. Кенеттен суға батып бара жатқан қызды көріп, өзі жақсы жүзу білмесе де батырлық танытып суға секірді. Қызды жағаға дейін жеткізуге күші жеткенімен, өзі жағаға шығуға халі шыдамады. Оқиға куәгерлері Нұржігітті ес-түссіз күйде судан шығарып, аман алып қалу үшін барлық амалды жасады. Жедел-жәрдем бригадасы да жасөспірімді реанимациялық шаралармен қамтамасыз етті. Бірақ, жас батыр мәңгілік мекенге аттанып кетті.

Келесі күні Нұржігіт қайтыс болғаннан кейін «Суға батып бара жатқан адамдарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.

ШҚО

Кең жүректі кішкентай батыр!

"Адырна" ұлттық порталы Нұржігіттің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Пікірлер