Үш жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаев халқына үн қатты

2579
Adyrna.kz Telegram
Фото: Instagram желісінен
Фото: Instagram желісінен

Нұр-Сұлтанда сегізінші қабатта терезеге ілініп тұрған қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев Қазақстан халқына үн қатты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жағдайым жақсы. Жаңа ғана үш бөлмелі пәтер берген құрылыс компаниясының кеңсесінен шықтым. Құжаттарды толтырып шықтым. Маған көмектескен досыма да екі бөлмелі пәтер беріледі деді. Қазір құжаттарын дайындап жатыр", - деді Шонтақбаев .

Айтуынша, оған белгісіз біреулер телефон соғып, кешегі әрекеті үшін алғыс айтып жатқан көрінеді.

"Бәрін бірдей есте сақтай алмаймын, бәрі алғыс айтып, қолдап жатыр. Жезқазған, Көкшетау, Талдықорған, Алматыдан, жан-жақтан телефон соғып жатыр. Тіпті, көбін танымаймын", - дейді ол.

Сәбит Шонтақбаев қолдап жатқан Қазақстан халқына алғысын білдірді.

"Құдайға шүкір, маған бәрі жетеді. Қазақстан халқына үн қатқым келеді, көмектесіп жатқан адамдарға алғыс айтамын. Бір-бірімізге жақсылық жасау өте дұрыс", - дейді ол.

Сәбит қыздың ата-анасымен  әлі кездеспегенін айтты.

"Қыздың анасы телефон соғып, алғыс айтты. Ата-анасын әлі көрген жоқпын", - деп түйіндеді ол.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер