"Белгісіз заттың жарылуынан қайтыс болды". Маңғыстау облысында бір сарбаз көз жұмды

1803
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысының әскери бөлімінде бір сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна". 

Әскерге келіп, Отан алдындағы борышы өтеймін деген жас сарбаз Асқар Арашбай өткен күзде Түркістан облысынан шақырылған. Алайда әскерге сау кеткен баласын көруге асыққан ата-ана сарбаздың мәйітін алған.

Әскерге шақырылушы 25744 әскери бөлімінде, яғни теңіз жаяу әскерінің бөлімінде шұғыл қызмет атқарды.

"Ол 2003 жылы туған, колледжден кейін шұғыл қызметке шақырылды. Бізге хабарлағандай, туған-туыстары Шымкенттен Ақтауға ұшып барады. Біз не болғанын әлі білмейміз", - деді марқұмның туысы.

Теңіз жаяу әскерінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сарбаз 30 қыркүйек күні Ақтау гарнизонының Оймашы полигонында белгісіз заттың жарылуы салдарынан көз жұмған.

Жедел жәрдем қызметі шақырылғанымен сарбазды құтқару мүмкін болмаған. Ол әскери ауруханаға барар жолда көз жұмған. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі сарбаздың биыл 20 жасқа толғанын айтады.

"Марқұмның аты Асқар Арашбай. Биыл ол 20 жасқа толды. Ол өткен жылдың күзінде колледжді бітіргеннен кейін Түркістан облысынан әскерге шақырылды. Оқиға орнына "Запад" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов бастаған комиссия жіберілді",-деп хабарлады.

Ведомство 30 қыркүйекте Ақтау гарнизонында жұмыс жүргізу кезінде "Батыс" қолбасшылығының оқу полигонында белгісіз заттың жарылғанын хабарлап отыр. Нәтижесінде бір әскери қызметші әртүрлі дәрежеде жарақат алып, медицина қызметкерлерінің күш-жігеріне қарамастан, ауруханаға барар жолда қайтыс болды.

Пікірлер