Тоқаев үкіметке бір ай уақыт берді: Кейін не болмақ?

3741
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қазақстанда коронавирусқа қарсы күрес бойынша жедел жоспар құруға және вакцина алған адамдар санын көбейтуге бір ай уақыт берді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап. 

"Бүгін көтерілген барлық мәселе үкіметтің ерекше бақылауында болуы тиіс. Жедел іс-қимылдың нақты жоспары қажет. Қабылданған шаралар туралы бір ай мерзімде баяндама жасауды сұраймын", - деді Тоқаев.

Тоқаев премьер-министр, ведомство басшылары, қала мен облыс әкімдері қатысқан жұмыс кеңесінде коронавируспен күрес, антиваксерлер проблемасы, өңірлік ауруханалардың төмен деңгейде жарақтануы, карантин режимін бұзатын адамдардың жазасыз қалуы, сондай-ақ, вакцинация паспорттарын қолдан жасау және ПТР-талдаулар мәселесін көтерді.
Мемлекет басшысы Қазақстандағы эпидахуал нашарлап бара жатқанын айтты.

Сонымен қатар, Президент Қазақстанның кейбір аймағында коронавирусқа қарсы вакцина дұрыс сақталмағанын, салдарынан препарат тиімділігі төмендегенін атап өтті.

Ол вакцинамен аз қамтылған өңірлерге көмек көрсету үшін көшпелі бригадалар құруды тапсырды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жақындарының амандығын ойлауға шақырды.

Пікірлер