Исламтану мамандығы – қоғам тыныштығы

4195
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі болып табылады. Қазақ халқының арғы тегі болып есептелетін көне түркілер исламның қалыптасуы мен көптеген жетістіктеріне өз үлестерін қосты.

Ислам діні адамзат тарихы мен өркениетіне айрықша үлес қосқаны мәлім. Бұл діннің қанаты жайылған жерлерінде әрдайым ғылым мен білім дамып, адамзат адамгаршілік пен парасаттың шыңын ту еткен, құлазыған даланы сусындатып, бүкіл тіршілік иесіне мән берген. Қазақ та өзіндік тілі, терең тамырлы тарихы, рухани қуат алар құндылықтары бар текті халық

Жалпы менің ойымша дін бар жерде береке, сенім ынтымақ бейбітшілік бірлестік, баршасын атап айтқанда адам бойынан адамгершілік қасиет табылады деп ойлаймын. Неге? Өйткені сары уайымнан, қара өайғыдан адамды сақтап қалатын нәрсеол ертеңгі күнге сенім. Яғни діні бар адам тірегі бар адам деп айтсақ дұрыс болар. Жалпы енді дін бар жерде барша жақсылық бар деп жатырмыз. Енді біз дінді одан әрмен қалай кеңінен жая аламыз?

  Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты.

(М.Дулатов, «Оян, қазақ»),– деп ата бабаларымыз осы мәселені алдын ала біліп әрекет жасаған. Және осы ұлы істі біз жалғастыруымыз қажет.

 Той деп шашылды, ас деп шашылды, ар, білім деп дәулет шашарға қай қазақтың қайраты жетеді?! Деп терең ой тастап білімді дінді жаюға жаны қазақ баласын намысын одан сайын көтеріп жігерлендірді. Соның ықпалыма қазіргі таңда көптеген діни оқу орындары онымен қоса әсем мешіттер бой көтеріп келе жатыр.

Атап айтар болсам. Қазіргі таңда елімізде діни білім алуға жан-жақты мүмкіндік қарастырылған. Оқып, білімнің мол мұрасына кенелем деген жанға қай салада да мамандар даярлайтын оқу орындары жеткілікті.

Елімізде алты жоғары оқу орнының арнайы кафедраларында дінтанушы мамандар даярланады. Оларға діндер тарихы мен теориясы, мемлекеттік-діни қатынастар, жаңа діни қозғалыстар мен діни ахуал мәселелері жан-жақты оқытылады.

Тәуелсіздігімізбен бірге жанданған дінтану ғылымының өзіндік ерекшеліктері, озық тәжірибесімен қатар қоғамдағы өзекті мәселелері де айқындала түсті.

Тіпті, еліміздегі дәстүрлі діндер жөнінде мағлұматтар, олардың пайда болуы, дамуы туралы ақпараттар жалпыға бірдей білім беретін орта мектептен бастап, барлық білім беру мекемелерінде қоғамдық пәндер аясында оқытылып келеді. Сонымен қатар, «Дінтану» пәні таңдау курсы ретінде еліміздің барлық жоғары оқу орындарының бағдарламаларына енгізілген.

Елімізде «Дінтану», «Теология» және «Исламтану» мамандығына мемлекет тарапынан грант бөлініп, оқыту үдерісі жолға қойылған. Мәселен бір ғана Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті – жоғары білімді имамдар, исламтану, дінтану, теология, екі шет тілі (араб-ағылшын, ағылшын-араб тілдері) мамандарын дайындайтын бірегей жоғары оқу орны. Орта есеппен алғанда, 2018-2019 оқу жылында елімізде 367 дін маманы бітірген, оның ішінде дінтанушы – 172, исламтанушы – 179, теолог – 16.

Исламтану мамандығы – қоғам тыныштығы. Ғалымдарымыз, діннен хабары бар жандар  көбейген сайын ел ішінде насихат тереңдейтіні сөзсіз. Білімділер қатары артқан сайын елімізде белең алған деструктивті діни ағымдардың келеңсіз әрекеттері де жойыла бастайды. Осылайша жақсылық салтанат құрады. Тіпті жат ағымның жетегінде кеткендер де ақиқатқа мойын бұрары сөзсіз.

Нұрдәулет АМАНКЕЛДІ,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

3-курс студенті

Пікірлер