Джек Маның жетістікке жету жолындағы 7 қағидасы

5029
Adyrna.kz Telegram

2018 жылы Қытайдың ең табысты адамы Джек Ма өз сөзінде, жетістікте жету үшін үш Q жүйесі мен 7 қағидасын ұстанғанын айтып берді. Белгілі кәсіпкер әйелдер ерлерге қарағанда жақсы жұмыс істейтіндігі туралы да айтты.

Ma Юнь немесе Джек Ma - қытайлық кәсіпкер, Alibaba Group директорлар кеңесінің негізін қалаушы және төрағасы. Фото суреті Forbes журналының мұқабасында жарияланған Қытайдағы алғашқы бизнесмен. 2014 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша Маның байлығы 32,7 млрд. долларға бағаланып, осылайша Қытайдағы ең бай адам, ал әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 18-орынды иеленді.

Джек үш Q жүйесін түсіндіру барысында былай дейді:

Біріншіден, біздің анықтауымыз бойынша, әйелдер ерлерге қарағанда біршама жақсы жұмыс істейді екен. Екіншіден, өткен ғасырда адамдар білек күштерімен сайысты, жоқ ХХІ ғасыр білек күші ғасыры емес, бұл ғасыр – даналық ғасыры. Мен сенімді түрде айта аламын, егер сіз табысты болғыңыз келсе, ол жоғарғы EQ-ға (эмоционалдық коеффициенті) ие болу керек, егер сіз  өшіп қалғыңыз келмесе, жоғарғы IQ-ға (интеллект коэффициенті) ие болуыңыз керек, ал егер де сізді ортаңыз құрметтеуін қаласаңыз, жоғарғы LQ-ға (махаббат коеффициенті) ие болуыңыз қажет. Көрсетілген үш Q біріккен түрде әрекет етеді де, ер адамдарда биіктеу IQ, төмендеу EQ және өте төмен дәрежеде LQ тұрады. Ал, бұл үш Q жүйесінің балансы әйел кісілерде жақсырақ сақталған.

Егер де, сіздің компанияңыз жетістікке оңай әрі тез жетіп, табысты болуын қаласаңыз. Егер шынында, компанияңыз қарқынды дамып, асқан даналықпен және мейіріммен алға суырылғанын қаласаңыз, әйелдер бұл істе үздік!

Джектің табысқа жету жолындағы 7 қағидасы:

  1. Өзіңнен ақылды жасты көрдің бе, оны дереу жұмысқа ал! Өйткені ол болашақта сенің жұмысыңа қарқынмен қоса табыс алып келеді.
  2. Оптимист бол! Өмірден өткен табысты миллионерлер, ғалымдар, кәсіпкерлердің барлығы оптимист болған.
  3. Өмірден ләззат ала біл! Мен кеңсемде ақ жағамен галстукта қағаздардың астында қалып, өмірден өткім келмейді. Мен жағажайда күн нұрларының астында қолымда сусын, жанымда сұлулармен өмірден өткім келеді.
  4. Біліміңнің таяздығы сенің қолыңнан келмейді деген сөз емес! Әрекет ет, ізден, талпын, ұмтылған бетіңнен тайма.
  5. Басыңмен жұмыс істе! Кез-келген шешімді миыңда анализден өткізіп қана қабылда.
  6. Параноик бол! Бәрі жақсы болады деп сенбе, мүмкін, жақсы емес, керемет болар.
  7. Жас кезіңде әрекет ет! Сіз жүзжылдықтың ең керемет мезгіліндесіз, ол – жастық шақ. Сондықтан да, жас кезіңде әрекет ете біл.

Бұл сөздерден кейін қаныңыз қайнап, өмірге деген құштарлығыңыз артып кеткен болар. Бойыңызға адреналин жүгіргендей мотивация алған шығарсыз. Барлығы мүмкін, өйткені барлығы өзіміздің қолымызда! Джек Ма да осы ұғымды бізге түсіндіргісі келді. Ал жоғарыда көрсетілген үш Q жүйесі мен 7 қағидасы оның жүріп өткен жолы ғана, егер де сіз де өміріңіздің ауыр соқпағын басып өткен соң артыңызға қарасаңыз сіздің жүйеңіз бен қағидаңыз ерекше болар еді. Джек Маның кеңесіне құлақ түріп, өз ережелеріңізді жазыңыз!

 

Азамат Қошабай

 

Пікірлер
Басқа материалдар