Қазгидромет мамандары ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қарағанды облысы
26 ақпанда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. 26 ақпанда түнде кей жерлерінде 35-38 градус қатты аяз қүтіледі. Қарағанды қ: 26 ақпанда жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі. Жезқазған қ: 26 ақпанда түнде 35 градус қатты аяз күтіледі.
Ақтөбе облысы
26 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с күтіледі.
Түркістан облысы
26 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 25С қатты аяз күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Орал қ.: жаяу бұрқасын күтіледі.
Атырау облысы
26 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысы
26 ақпанда Ақмола облысында түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысы
26 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың кей жерлерінде түнде 20 градус қатты аяз сақталады. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Ақтау қ.: 26 ақпанда көктайғақ, күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Жамбыл облысы
26-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, түнде 26 ақпанда бұрқасын күтіледі. Түнде 26 ақпанда кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қ: 26-28 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде 26-27 акпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градус қатты аяз күтіледі.
«Адырна» ұлттық порталы