Балаларды қорғау күнінде облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов облыстың 15 ауылдық ауданында балаларды тасымалдауды жүзеге асыру үшін автобустар мен шағын автобустардың кілтін табыстады.
Оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы сомасы 229 млн теңгеге 7 автобус пен 10 шағын автобус 15 білім бөлімінің басшыларына берілді.
Оқу жылы ішінде облыстың 2,5 мыңнан астам оқушысы мектептерге күнделікті тасымалдаумен, 400-ден астам оқушы апта сайын тасымалдаумен қамтамасыз етіледі. 2020 жылы жалпы сомасы 200 млн.теңгеге 13 автобус сатып алынды.
Автопаркті бірден 17 автобуспен және шағын автобуспен толықтыру мектеп оқушыларын тасымалдауды неғұрлым ыңғайлы және қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.
«Біз мемлекеттің қолдауының арқасында балаларымыздың болашақта жетістікке жетуі, олардың әрқайсысы мектепте қажетті білім алуы үшін тасымалдау жағдайын жақсарта алатынымызға қуаныштымыз», - деп Алтынсарин ауданының білім беру бөлімінің басшысы Ақмаржан Бермағанбетова өз әсерімен бөлісті.
Облыста қала мен ауыл арасындағы алшақтықты қысқарту бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған міндеттерін орындау үшін көптеген істер тындырылуда.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында «Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!» 2025 жылға дейін 407 ауыл мектебін, оның ішінде биыл 82 мектепті жаңғырту жоспарланған.
Жалпы сомасы 9,8 млрд.теңгеге 3040 орындық 7 жаңа мектептің құрылысы жоспарлануда. Үстіміздегі жылы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,4 млрд. теңге бағытталды, мектеп жиһазы, спорт жабдығы жаңартылады, облыс мектептеріне 35 пәндік кабинет және STEM-зертханалары әкелінеді.