Қостанай облысы тұрғын үйді іске қосу қарқыны бойынша үздік үштікте

2878
Adyrna.kz Telegram

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әкімдік отырысын өткізіп, оның барысында 2021 жылдың 10 айындағы "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу қорытындылары қаралды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылы "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыс бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 449 мың шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл шамамен 4 мың пәтер.

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 387,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынды және пайдалануға берілген.

Айта кету керек, өңірлер арасында Қостанай облысы тұрғын үйді іске қосу қарқыны бойынша республикада 3-ші орында келеді.

Бұдан кейін ауылдық сумен жабдықтау жобаларын іске асыру мәселесі қаралды.

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерді 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндетін қойды.

Сумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың арқасында осы бағыт бойынша жағдай жыл сайын жақсарып келеді.

Ағымдағы жылы халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы және "Ауыл Ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде облыс бойынша 32 жоба іске жүзеге асуда, оларға 9,7 млрд.теңге бөлінді.

Бүгінгі күні облыс бойынша 520 ауыл бар, оның 292 ауылы немесе 56,2% сумен қамтамасыз етілген, қалған 228 ауыл орталықтандырылмаған көздерден алынған суды және тасымалданатын суды пайдаланады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша 9,9 мың адам тұратын 19 ауыл сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілетін болады.

Бұдан әрі нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы микрокредит беруді іске асыру қорытындылары қаралды.

Ағымдағы жылы облыс бойынша шағын және орта бизнес субъектілерін шағын несиелендіруге 1 млрд.теңге бөлінді.

Нәтижесінде, 2021 жылдың қорытындысы бойынша жоспар бойынша 68 стартап жоба 172 құрылды, оның ішінде 136 жоба ауыл шаруашылығы жануарларын өсіруге бағытталған, 339 жаңа жұмыс орны құрылды.

Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдеріне тұрғын үйді пайдалануға беру, ауылдық сумен жабдықтау жобалары бойынша жоспарланған көрсеткіштің орындалуын бақылауда ұстауды, сондай-ақ жастар арасында жас мамандар мен 29 жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтарды бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

 “Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер