Алматы облысында мас күйінде көлік жүргізген 17 жастағы мектеп түлегі жол апатына түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Облыстық полицияның хабарлауынша, жол апаты 25 мамырда кешке таман Үштөбеде болған.
"17 жастағы Ауди жүргізушісі Қабанбай батыр көшесімен келе жатып, Талдықорған қаласының 20 жастағы тұрғыны басқарған мотоциклмен соқтығысқан. Апат салдарынан 20 жастағы мотоцикл жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Басқа құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", деп атап өтті бөлімде.
Кейінірек белгілі болғандай, кәмелетке толмаған жүргізуші алкогольдік мас күйінде, досының көлігіне отыруға бел буған.
"Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бап, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды", деп нақтылады баспасөз қызметі.
"Адырна" ұлттық порталы