1 қарашада әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде ер адамның қалай сорақылық танытып, лифтінің басқару пультін сындырғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды "Адырна" сайты.
Ол лифттің панельді түймелері мен мониторын аяғымен теуіп және қолымен ұрып сындырды. Полиция қызметкерлері бұзақыны тауып, кім екенін анықтады.
Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, бұл Жүнісов Т.Ж. 1978 жылы туған.
Оның іс-әрекетінде А.П.-ға қатысты ҚІЖК-нің 434-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған. Мұндай қылықтарға жол беруге болмайтынын еске сала кетейін, – деп жазды Әбдірахманов.
Бұл «Ұсақ бұзақылық» бабы 5 АЕК (14 585 теңге) көлемінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға жазаланады.
Кейін Рустам Әбдірахманов бұл кісінің жасаған құқық бұзушылықтары жария болған соң, жұрт алдында кешірім сұрағанын айтты.
Бұл ретте ол кешірім сұрау заңда көзделген жауапкершілікті алып тастамайтынын атап өтті.
"Адырна" ұлттық порталы