Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбековаға жаңа автокөлік сыйға берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Спортшының айтуынша, сыйлық оның 29 жасқа толуына орай жасалған. Туған күні 5 қараша болғанымен, ол сыйлықтарын қазірдің өзінде ала бастағанын айтты.
"Туған күніме әлі бір ай бар, ал екі апта бұрын алғашқы сыйлығымды алдым. Бұл – бұрын мінген көліктердің ішіндегі ең ыңғайлы әрі заманауисы. Алғыс білдіремін", – деп жазды Сабина әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жарияланған суреттегі көлік Exeed VX кроссовері болуы мүмкін – бұл Exeed премиум брендінің флагмандық моделі. Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай автокөлік 18 жастағы «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға да сыйланған еді.
Ұқсас жаңалықтар
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау платформасын іске қосады
