ТШО - Қазақстандағы ең тартымды жұмыс беруші

6547
Adyrna.kz Telegram

Randstad Employer Brand Research зерттеуі әлемнің 34 елінде жүргізіледі және ең тартымды салалар мен жұмыс берушілерді анықтайды. «Теңізшевройл» екінші жыл қатарынан Қазақстандағы ең тартымды жұмыс беруші болып танылды. ТШО-дан басқа, мұнай-газ саласындағы 3 үздік компаниялардың қатарына ҚазМұнай Газ және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниялары енді.

«Бұл марапат біздің брендтің жоғары бәсекелі еңбек нарығындағы тартымдылығын мойындау болып табылады. Біз инвестицияны қызметкерлерімізді дамытуға, қауіпсіз жұмыс ортасын құруға және салауатты корпоративті мәдениетті сақтауға саламыз, өйткені ТШО қызметкерлері компаниямыздың алға қойған мақсаттарына жетуде көмектесетін ең құнды капитал және қозғаушы күш», - деді Камшат Байжанова, АРБ бас менеджері.

Randstad жұмыс беруші брендінің сауалнамасы - бұл мыңдаған компаниялардың ішіндегі ең тартымды жұмыс берушілерді анықтайтын әлемдегі ең жан-жақты, тәуелсіз және терең зерттейтін жұмыс берушілерге арналған сауалнама. Іріктеме 18-ден 65 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті халықтың пікірін көрсетеді. Зерттеуге сәйкес, жақсы жұмыс берушінің маңызды өлшемшарттары арасында жауап берушілер келесілерді атап өтті: жақсы жалақы - 79%, қаржылық тұрақтылық - 72%, мансаптық өсу - 67%, жағымды жұмыс атмосферасы және қызықты жұмыс - 61%.

«COVID-19 пандемиясы кезінде қауіпсіз жұмыс ортасын құру барлық топтар үшін жұмыс берушілерді таңдаудағы ең маңызсыз өлшемшарт болып шықты (32%), бірақ бұл ерлерге қарағанда әйелдерді көбірек алаңдатады. Мансаптың өсуі әйелдер үшін, 25-34 жас аралығындағы адамдар үшін, сондай-ақ жоғары білімі бар адамдар үшін маңызды өлшемшарт болып табылады», - деді Валерия Петрунина, ANCOR Орталық Азияның бас директоры.

2020 жылдың соңында ТШО-ның негізгі өндірісіндегі штаттық қызметкерлердің үлесі 92% құрады, ал ТШО-ның негізгі өндірісіндегі қазақстандық менеджерлердің үлесі жалпы басшылар тобының 85% құрады. Компания ұжымдағы еңбек және өндірістік қатынастарды реттеу, жалпы еңбекақы төлеудің тиімді жүйесін құру, қызметкерлерді дамытуға мүмкіндіктер беру және олардың әлеуетін ашуға көмектесетін оқыту, дамыту бағдарламалары арқылы қызметкерлерді әлеуметтік қорғанышпен қамтамасыз етеді; сонымен қатар әр түрлі тағылымдамалар, кадрлық резервті жоспарлау, әлеуметтік бағдарламалардың кеңейтілген пакеті, корпоративті мәдениетті сақтауға бағытталған жеңілдіктер мен бастамалар, компанияның құндылықтары мен стратегиясына қызметкерлердің адалдығын ұсынады.

***

«Теңізшевройл» ЖШС туралы

«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, газ және күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.

Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.

***

Randstad Employer Brand Research туралы

Randstad Employer Brand Research - бұл жұмыс берушілердің брендін зерттеуге арналған халықаралық сауалнама. Жылына бір рет, әлемнің 34 елінде, Randstad тапсырысымен Kantar тәуелсіз зерттеу компаниясы көптеген еңбекке қабілетті халық арасында сауалнама жүргізеді. Әр ел бойынша жұмыс берушіні таңдаудың негізгі өлшемшарттар рейтингі, жұмыс үшін салалардың тартымдылық рейтингі және жұмысшылар саны бойынша республикадағы ең ірі жұмыс берушілердің тартымдылық рейтингі жасалады.

2013 жылдан бастап ANCOR Ресейде Randstad стратегиялық серіктесі ретінде зерттеулер ұйымдастыратын болады. Сізді жыл сайынғы Randstad Employer Brand Research іс-шарасын тікелей эфирден көруге шақырамыз.

Пікірлер