Үйреніп жүріп, үйреткен сәттер...

3674
Adyrna.kz Telegram

Жаңа ғасырда жaңа технологиялаp aғымы толаcтaмай, өзгерген үстінe өзгерудe. Сондықтaн өзгерген әлeмнің болaшағының іргетасын қалаушы,  қaлыптаcтырушы мұғaлім жаңа aқпараттaрды өзінe aла отыpып, оқу мeн оқытуды үздікcіз жeтілдіруге бaсты назар aударады. Бұл жолда ұстаздар қауымына артылар жүк жеңіл емес, әрине.

«Сындарлы оқытудың оқу-тәрбие үрдісінде педагогтардың жаңаша белсенді әдіс-тәсілдерін қолдануы арқылы сабақтың тартымдылығын, қызықты да нәтижелілігін арттыра отырып, әр оқушының ерекше болмысын, тұлғалық қасиеттерін, шығармашылық   деңгейін, даму жолдарын өмірмен байланыстырудағы жұмыс түрлерін  насихаттау мақсатында тәжірибе алмасу» деген үлкен мақсатты алға қойған республикалық   семинар 8 сәуір 2017 жылы  Іле ауданы, Байсерке ауылы, № 9 орта мектебінде «Мәңгілік   елге - ақпараттық   мектеп -   жаңашыл    педагог - өмірге  бейімді   оқушы - мәдениетті  ата-ана» тақырыбында өтті.

roza-erbol-yizyi-2

Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген қонақтарды, мектеп басшыларын, мектеп фойесіндегі «Жүректен жүрекке» шарлар әлемі мен «Мектеп директоры - бүкіл мектепке  өзгеріс енгізуді басқарудағы негізгі көшбасшы» лозунгісімен қарсы алды. Және де «Жас ұлан» ұйымының мүшелері «Сайлау» акциясын жүргізді. Директорларға «Тілек бюллетені» мен семинар бағдарламасын ұсынды. Көшбасшы директорлар өз тілектерін бюллетеньге жазып, сайлау урнасына салды.

Исаева Аида         «2-сыныптан бастап АКТ-ны оқыту» эксперимент алаңымен, «Ағылшын тілін оқыту және аударма ісі» кафедраларының филиалдары және   мұғалімдер бөлмесіндегі «Сындарлы оқыту» бағдарламасы бойынша жасалған «Критериалды бағалау» бұрышымен    таныстырды.

Семинарды «Ауылымды бүкіл әлем танысын!»        атты республикалық  зерттеу  акциясына  қатысқан тарих пәні мұғалімі Г.А.Алсеитова слайд-шоумен ашты.

«Білім үздігі» медалінің иегері тарих пәнінің мұғалімі, мектептің ардагер ұстазы Г.Алсеитова семинарға келген  көшбасшы директорларды әртүрлі номинация медальдарымен марапаттай отырып, топқа бөлді. І топ – «Көшбасшы директорлар» тобы, ІІ топ – «Жаңашыл директорлар» тобы, ІІІ топ – «Креативті директорлар» тобы болып бөлінді.  «Сыншылар» мен «Кеңесшілер» тобы алдыңғы топ мүшелеріне кеңес беріп, сын айтатын, жұмыстарын бағалауға қатысушылар болып топтасты. Келесі кезеңді мектеп директорларының орынбасарлары Н.Т.Темерханова мен Г.Е.Болсамбекова        «Мектеп – оқушы - ата-ана - педагог ұштастығы» тақырыбын іскерлік ойынымен ашты. Тренингке барлық директорлар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Қонақтардың пікірінше, тренингтің құрылымы мен мазмұны өте жоғары болды.

roza-erbol-yizyi-3

«Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» (Конфуций) деген пікірді ұстанған мектеп ұстаздары Бағдарламаға сай ашық сабақтарын түрлі формада өткізді.        Химия пәнінен «Оксидтер» тақырыбындағы ашық сабақты интербелсенді тақтаның тиімділігін пайдаланып, Дюсенбекова Алия, қазақ тілі пәні мұғалімі Дуванбекова Гульжан мен Сатканкулова Алтынгул Қанатбаевна «Қонақтар» тақырыбында  8 «Ә»  сыныбымен кіріктірілген сабақтар өткізді. 3 «В» сыныбындағы         «Многообразие животных» тақырыбында Эсманова Гульмираның кіріктірілген инклюзивтік сабағы жоғары дәрежеде өтті: түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, үйден оқитын Мансурмен қызықты сабақ жүргізе білді. Ал, Қазақстан тарихы пәнінен  11 «А» сыныбына жүргізілген  сабақта Блум таксономиясы бойынша  «Қазақ диаспорасының мәселелері» тақырыбын Төлебаева Алия жақсы аша білді.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исаева  Аида  «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының жұмысымен таныстырды. Әр топ мүшелері (директорлар) жас министрлермен бірлесе, «оқушы үнін» ескере отырып, «Қиын  оқушылармен жұмыс» тақырыбының ерекшелігін постер арқылы қорғады.

Семинар  соңында «Жаңаша басқару - жаңаша оқыту кепілі» атты  дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан кері  байланыс берілді.

Мектеп директоры Нұрмұханбетов Ғабидолла Кабдылзияұлы    келген қонақтарға, семинардың мазмұнды өтуіне атсалысқан әріптестеріне, ұжым мүшелеріне үлкен алғыс білдірді.

roza-erbol-yizyi-4

Иә, «Барлығы әлемнің өзгеруі туралы айтады, алайда ешқайсысы өзін өзгерту туралы ойламайды» деген Л.Н.Толстойдың көрегенді сөзі бүгінде жаңа заман жастарын тәрбиелеп, жан-жақты білім беріп жатқан әрбір оқытушыға ой салары анық. Жоғарыда өткен іс-шара - алдағы күндерге сеніммен қарайтын, көшбасшылық қабілеті қалыптасқан, білімді өздігінен алуға даяр, оны қажетті тұста еркін қолданатын шәкірт тәрбиелеп жатқан оқу ордасының бір күнгі тыныс-тіршілігінен алынған көрініс.


Роза ЕРБОЗЫМҚЫЗЫ СЕКСЕНОВА

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған

дарынды балаларға арналған

 қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын

 орта мектеп-интернаты директорының

 ғылыми істер жөніндегі орынбасары

Пікірлер