Балаларға базарлық: Бәйшешек

4291
Adyrna.kz Telegram

Көктем. Қызыл күртеше киген қыз ағасымен бірге тауға шықты. Ол тостағаншасы аппақ гүл көрді. Жанына барды. Сол сәтте гүлге тіл бітті:

– Сәлем! Атым – Бәйшешек. «Көктем жаршысымын». Елдер мені емге де қолданады. Ал, сенің есімің кім?

– Жазира.

– Танысқаныма қуаныштымын, Жазира.

Қыз гүлге ұзақ қарап тұрды. Оны жұлуға қимады. Тек суретке түсірді. Үйге жеткенде оны әкесіне, анасына және інісіне көрсетті. Бәрі – таң-тамаша.

– Мынау атақты бәйшешек гүлі ғой, қызым! Қандай тамаша, – деді әкесі сүгіреттен көз ала алмай. Сөйтіп, Жазира көктем туған сайын сол гүлді іздейтін әдет тапты.

 

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

жазушы-драматург, сыншы,

әдебиеттанушы Әлібек БАЙБОЛ.

Пікірлер