"Қабырғама бірнәрсе айтуға келдім": Ерке Есмаханға сағат 11-де үйде бол деді

7008
Adyrna.kz Telegram

Танымал Ninety one тобының экс-солисі "Маска" шоу-бағдарламасында қонақта болды. AZ (Азамат Зенкаев) өзінен 9 жас үлкен сүйіктісі Ерке Есмаханға жұрт көзінше "сағат 11-де үйде бол" деп айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

"Маска" шоу-бағдарламасында түрлі танымал жандар маска киіп өнер көрсетеді. Сәйкесінше дауыстары да өзгертіледі. Оларды отырған қазылар алқасы танып, кім екенін айтуы қажет.

Бағдарламада өнер көрсеткен Азамат Зенкаев "Сұлу қыз", "Жігіттер жыры" әнін орындады. Алайда Ерке Есмахан өз жігітн танымай қалды. Эйзи оған:

"Сен қасыңда жүрген мені танымасаң, қалған қатысушыларды қалай танымақшысың" деп назын айтты.

"Бұл бағдарламаға келген себебім, өзімнің қабырғама бір-екі ауыз сөз айтып кетейін деп едім. Ерке, қазір сағат 10 жарым, 11-де үйде бол" деді Эйзи.

Қазылар алқасында отырған Төреғали Төреәлі, Жанар Айжанова, Марат Оралғазин, Мейіржан Тұрабаев және жүргізуші Жахан Отарғалиев "Той жыры" әнін айтып, қос ғашықтың айтқан сөздеріне таң қалысын білдірді.

Бүгінде видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсуде. Пікірлер бөлімінде:

"Екеуі үйленген ба?", "Аралары 9 жас қой. Махаббат жасқа қарамайды деген осы екен ғой", "Теңін тапқан екен, жоқ-жоқ деп зарлап жүріп", "Алла Пугачева мен Максим Галкин" деген пікірлер жазуда. 

Сонымен қатар, желі қолданушылары Еркенің оң қолынан неке жүзігін байқағанын айтуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер