Бұл заң жобасы Сенаттың мақұлдауына қалай өтіп кеткен?

4086
Adyrna.kz Telegram
Бұл заң жобасын кімдер әзірлеп, мәжілістің қарауынан өткізіп, сенаттың мақұлдауына тапсырып отыр?
Сенатта қаралып жатқан құжатта Орман шаруашылығына қатысты санаттағы жерлерді шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдарға 25 жылға жалға беру мен аукцион арқылы алу бойынша бап бар. Өздеріңіз білесіздер, кешегі жұмысы нәтижесіз аяқталған жеркомда тек ауылшаруашылығы санатындағы жерлер ғана талқыланып, өзге санаттағы жерлерді айналшықтап өтті. Сол айналшықтаудың арқасында 48 баптың 2 тармағы қоғамның, азаматтардың назарына ілікті.
Дос Көшімнің айтуынша, бұл заң жобасы ертеректе президенттің айтуымен дайындалған. Біраз ғана бұрын президенттің өзі "Жер шетелдіктерге сатылмайды және жалға берілмейді" деді. Президент айтқан негізі ауылшаруашылығына қатысты жер санаттары болатын. Ал енді кешегі жеркомның бұл бапқа ешқандай да қатысы болмаған. Сонда бұл заң жобасын кімдер әзірлеп, мәжілістің қарауынан өткізіп, сенаттың мақұлдауына тапсырып отыр?
Әлде бұл жерде жасырын екінші жерком жұмыс жасап жатыр ма?
Бұл заң жобасы қазір сенатта талқыланып жатыр. 48 баптың 2 тармағының тексті мынадай:
«Сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) жеңімпаздарына – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ауыл шаруашылығы өндірісін, орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері 25 жылға дейiнгі мерзіммен жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі». Заң жобасында ауыл шаруашылығын өндірісі мен орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін деп анық айтып жатыр.
Бұл заң жобасының сенатта қаралып жатқанынан депутат Айдос Сарымның да, елге белгілі саясаткер Дос Көшімнің де, жерком мүшесі, қойшы Алмасбектің де хабары жоқ. Ақордаға табаны біртабан жақындау, үкімет пен парламент кеңселерінде осындай жасырын процестер жүріп жатқанын бұл азаматтардың білмей қалғаны қалай болды?
Егер де аталған заң жобасы сенатта мақұлданатын болса, орман шаруашылығы санатындағы жерлер 25 жылға аукционмен шетелдіктерге жалға беріледі. Ал бұл бапқа қосарларған ауылшаруашылығы өндірісі, қосалқы ауылшаруашылығын жүргізу дегені тағы бар. Ары қарай өзіңіз ойланып көзіңіз!
Сол маңайдағы азаматтардан жауап күтемін!
Мүмкін, Мұхтар Тайжан ағамыз жауап берер...!
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер