Қызыл ғаламшардан Жерге хабар келді

4560
Adyrna.kz Telegram

Марстағы "Perseverance" аппараты Изиро кратерінен тың ақпарат жіберді.

Илон Масктың Марсқы жіберген Perseverance аппараты Изиро кратерінің топырағын зерттеп, жаңа әрі тың ақпараттар жіберді. Бұл Марсты зерттеудің алдағы уақытты жаңа этаптарына жол ашып отыр деп хабарлады АҚШ-тың астроном ғалымдары. Соңғы онжылдықта Қызыл ғаламшарды зерттеу жұмыстары азамдат күтпеген талай жаңалықтардан хабардар етті. 

Қызыл ғаламшарда қазіргі зерттеулер бойынша оттегі мен судың бары және сонымен қатар бірнеше химиялық элементтердің бар екенін де анықталды. Енді Илон Маск бастаған инженерлік компания Марста топырақты терең бұрғылау жұмыстарын жүргізуге ниеттеніп отыр. Келесі миссия - Марстың литосферасының қабаттарын тексеріп, анализін алмақ.

Илон Маск пен NASA ғарыш агенттігі алдағы онжылдықта бірлесе отырып, Марсты игерудің жаңа қадамдарына бармақ. Олар қазір арнайы бағдарламалар жасап отыр. Олар Марстың Изиро кратері ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін ең маңызды аудан деп тапты. Миллиондаған жыл бұрын Изиро кратерінің орнында "Дельта" көлі болған деген шешімге келді. Ғалымдар осы Изиро кратерінде тіршілік болған деп жорамалдайды.

Perseverance аппараты Марсқа қонған алғышқы күндерінде оттегіні тапқаны белгілі. Аппарат әрбір эксперимент өткізген сайын 6 грамм оттегіні өндіріп отырды. Соңғы зерттеулер Марстың атмосферасының қысымын және оның температурасының әр жыл сайын 10 градусқа өзгеріп отыратынын да анықтауда. 

 

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер