Жерге кеңестік «Космос-482» ғарыш аппаратының қондыру модулі құлауы мүмкін. Бұл туралы халықаралық аэроғарыш сарапшылары ескертуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.
Аппараттың салмағы шамамен 500 келі, ол 1972 жылы Венераға ұшырылғанымен, апатқа ұшырап, Жер орбитасында қалып қойған.
Қондыру модулі мамыр айының бірінші жартысында Жер атмосферасына енуі мүмкін. Құлау уақыты нақты белгісіз. Бірақ кейбір сарапшылардың айтуынша, аппараттың елді мекендерге құлау қаупі бар.
«Космос-482» аппараты 1972 жылы 31 наурызда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған. Ол «Венера-8» миссиясының дублері ретінде жіберілген. Бұл тәжірибе сол кездегі ғарыштық зерттеулердің сәтті болуын қамтамасыз ету үшін қолданылатын әдістердің бірі.
Ұқсас жаңалықтар
Болат Назарбаев осынша жер мен базарды мемлекетке қайтарды дейді. Оны қалай иемденді дегенді айтпайсыздар ма? Заңсыз иемденген дүние болса, іс қозғалу керек емес пе?
