Мәскеулік альпинист қаза тапты. Қырғызстанда қазақстандықтар қар көшкіні астында қалды

1374
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанда үш алматылық және бір мәскеулік альпинист қар көшкінінің астында қалды, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«29 шілде. Хан Тәңірі экспедициясы 2024. 5050 м биіктікте, 8.15-те, Хан Тәңірінің оңтүстік жағындағы «бөтелкеге» кіре берісте, төрт адамнан тұратын топ қар көшкіні астында қалды: Борис Дедешко (Алматы), Павел Блажнов, Марианна Петрова (Алматы), Алексей Смирнов (Мәскеу). Бізді өзіміз қазған шұңқыр құтқарды. (...) Біз аршып алуға тырыстық, бірақ нәтиже болмады. Ылғалды қар мұзға айналып, саусақтарымыз қозғала алмай, тоңып қалды. Қар көшкіні бізді тасша қатырды», - деп бөлісті альпинистердің бірі Павел Блажнов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Альпинист қар көшкіні астында 40 минуттан астам уақыт болғанын хабарлады.

«Біз базамен радио арқылы Д.Грековпен байланысқа шықтық, төрт жолсеріктен тұратын топ бізден 20 минут жоғарыда жүрді, топты Виталий Акимов басқарды. Біз оларға қай жерде екенімізді сипаттадық. Жігіттер бізді іздей бастады, іздеу шаралары ұзаққа созылды. Барлығы 3 метрлік көшкіннің астында 40 минуттан астам уақыт өткіздік. Алексей сол жерде қаза тапты, ол шұңқырға жасырынып үлгермеді, ол 1,5 метрге жетпеді, сірә, рюкзагын тастағысы келмеді», - деп қосты Блажнов.

Сондай-ақ ол қайтыс болған альпинистің денесін аршу жұмыстары 2 тамызда басталатынын қосты.

«Олар бізді аршып алған соң, тағы да қар көшкіні жүріп, заттарымыз жан-жаққа шашырады. Ешқандай зардабы тимеді. Біз Алексейді тастап, 4 мың метрлік базаға қарай ұзақ төмен түсуді бастадық. 2 тамызда Алексейді аршып алу және түсіру жұмыстары басталады», - деп түйіндеді альпинист.

Пікірлер