Байқоңыр қаласының прокуроры өз еркімен қызметінен кетті

2258
Adyrna.kz Telegram

Ресей Федерациясының жалдау шартындағы Байқоңыр қаласының прокуроры Нұржан Рахметов өз қалауымен қызметінен кетті. Ол бұл туралы өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

"Құрметті достар, әріптестер және туыстар! Мен Байқоңыр қаласының прокуроры қызметінен ғана емес, жалпы прокуратура жүйесінен кеткенімді хабарлаймын!", – деп жазды ол.
Рахметов өз жазбасында мұндай шешім қабылдауға итермелеген себептерді түсіндірмеген. Бірақ бұл таңдау оңай болмағанын атап өткен.

"Бұл менің саналы қадамым. Мен ұзақ уақыт ойланып, осындай шешім қабылдадым. Бұл мен үшін қиын болды. Дегенмен, алға жылжудың уақыты келді. Өзімді мүлдем жаңа нәрседе сынап көрейін деп өз таңдауымды жасадым", – деді экс-прокурор.

Пікірлер