Жұмыссыздық жұртты жұлқып көшеге шығармасын

4750
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік орган өкілдері карантин талаптарын күшейту, оны бұзғандарды жауапқа тарту туралы көп айтып кетті. Әрине, індетті таратпау міндет. Бірақ оның сыртында карантинмен қоса келген қиындықтың қыспағында қалған шағын және орта бизнес өкілдеріне, солардың жұмыс орнында нәпақасын айырып жүрген жүздеген мың адамға мемлекет тарапынан қандай қолдау болады?

Салықтан, жалдау ақысынан босату, уақытша жұмыссыз қалғандарға ең төменгі айлық көлемінде (былтырғы 42 500-ді айтам) жәрдемақы беру жағы қарастырылып жатыр ма? Сіркесі су көтермей жүрген жұрт қазір талап бәріне бірдей болу керек дегенге бұрынғыдан бетер мән бере бастайды. Айтпады демеңіз, жабық тұрған барахолканың саудагерлері қала басшылығына "не "Алтын Орданы" да жап, не бізге де рұқсат бер" деп талап қояры анық. Егер ол талапқа ешкім құлақ аспаса саудагерлердің наразылығы көшеге лықсып шығарын болжау қиын емес. Оларды "Алтын Орда" облыстың аумағында деген қисыны әлсіз уәж де тоқтатпайды.

Сосын бәріміз Бекшинді мүйіздеп жатырмыз. Анығында ол санитарлық талапқа сай жұмысын шамасы келгенше дұрыс істеп отыр деп санаймын. Тек жаман хабарды кім бірінші айтса, сол сүйкімсіз көрінетіннің кері болып тұр. Індет пен карантиннен туған түйткілдің бәріне Бекшин кінәлі болмаса да, "Тазы ашуын тырнадан" алады дегендей, қаулы шығаратын санитар дәрігерлерге жабыламыз.

Кім жаман? Қожа жаман деуші ме еді?

Данеш Байболатовтың 

жазбасынан.

 

Пікірлер