Алматы қаласында вакцинациядан өткені туралы электрондық паспорт сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратқа байланысты Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Қазіргі уақытта барлық медициналық ұйымдар, ақпараттық жүйелер мен мәліметтер базасын тексеру басталды. «Тергеу нәтижелері бұл ақпаратты растаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына беріледі", деді басқармадағылар.
"Мұндай іс-әрекеттің қылмыстық сипатта екендігін және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ресми түрде хабарлаймыз. Бұл факт жарияланған сәттен бастап арнайы қызметтік тергеу басталған еді. Қазіргі уақытта вакцинациядан өту туралы электронды паспорт беру фактісі расталмады", деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
"Адырна" ұлттық порталы
(фото ашық дереккөзден)