Футболға ақша салғанша үйсіз жүрген жастарға баспана әперейік...

3640
Adyrna.kz Telegram

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі алғашқы матчында Францияға есе жіберді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Франция бапкері Дидье Дешам алғашқы минуттан бастап келесі ойыншыларды ойынға қосқан еді: Льорис, Динь, Ланглет, Зума, Дюбуа, Ндомбеле, Погба, Марсиаль, Гризманн, Лумар, Дембеле.

Ал Қазақстан құрамасын: Мокин, Быстров, Ерланов, Малый, Алип, Валиуллин, Мужиков, Тағыберген, Васильев, Нургалиев, Федин алып шықты. Команда капитаны Қостанайлық «Тобыл» клубының жартылай қорғаушысы - Азат Нұрғалиев болды.

Нұр-Сұлтандағы «Астана Арена» стадионында өткен кездесу 2: 0 есебімен қонақтардың пайдасына түсті. 19-минутта  алғашқы голды әйгілі «Барселонаның» шабуылшысы Усман Дембеле соқты. Оған Антони Мартиал голдық пас шығарған еді. Ал 44-минутта Сергей Малый өз қақпасына гол соғып, автогол жасады.

Екінші таймда Килиан Мбаппе алаңға шықты. Әлемнің ең қымбат футболшысы ойынға қосыла салысымен-ақ шеберлігін танытар еді бірақ, көп мүмкіндікті қалт жіберіп алды. Тіпті 75-минутта Мбаппе пенальти алды, алайда біздің қақпашы Александр Мокин оның соққысын қайтара білді.

Іріктеудегі бірінші жеңісінен Франция төрт ұпайға ие болды. Топта соңғы орында тұрған Қазақстанның нөлдік ұпайы бар. Талғат Байсуфиновтың командасы келесі ойынды 31 наурызда, түнде Украинаға қарсы өткізеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер