Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Сапар барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылмақ.
Одан бөлек, екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды.
Ұқсас жаңалықтар
"Жанында субұрқақтың өзі ойнамайды" - Оралда 140 студент су басқанда сарсаңға түсіп, түнде эвакуацияланды