“Жұмысқа алды”: Украина қарулы күштеріне тұтқынға түскен қазақтың видеосы тарады

6010
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Украина қарулы күштері Ресейдің атынан соғысқан қазақ жігітін тұтқынға алды. Бұл туралы Константинка  Telegram-арнасы видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Украина әскерилері бір топ ресейлік сарбазды тұтқынға алды. Видеода тұтқындардың бірі Қазақстанның қазағы екенін айтады.

“Мұнда қалай келдің?” деген сұраққа ол “жұмысқа алды”, деп жауап береді

Ақпарат бойынша, бүкіл ТМД елдерінде ресейлік компаниялар Мариупольдегі құрылыс алаңына жұмысшылар жинап жатыр екен. Бірақ оларды алдап майданға алып баратын көрінеді.

“Тұтқынның аман қалғаны немесе қамауда  екені белгісіз. Өйткені, украиндықтар өз жеріне қарумен келгендердің барлығын жоюға құқылы”, делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтарының басқа елдердегі әскери қақтығыстарға қатысуы жалдамалылық ретінде қылмыстық баппен жазаланатындықтан, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мұны шұғыл түрде бақылауға алуы керек.

Пікірлер