Ардагер журналист Нұртілеу Иманғалиұлы бақилық болды

13998
Adyrna.kz Telegram

Қазақ телевизиясының ардагері, танымал журналист Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қаралы хабарды Qazaqstan ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі таратты.

Аталған хабарламада: «Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер»,«Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды» делінген.

Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы Діңгек ауылында дүниеге келген. Үйдегі 14 баланың кенжесі.

"Қазақстан РТРК"АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры, Ақсу ауданының «Құрметті Азаматы».

 

Пікірлер