Марадонаның дәрігері күдікке ілінді

2874
Adyrna.kz Telegram

Диего Марадонаны емдеген дәрігердің үйі мен жұмыс орнында тінту жүрді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Хабар-24»-ке сілтеме жасап.

Аргентина сотының шешімі бойынша, оның ұялы телефондары, компьютерлері, Марадонаның науқастану тарихы, сонымен бірге футболшының сырқатына қатысты барлық құжат тәркіленді. Дәрігердің салғырттығы атақты спортшының өліміне әкелді деген күдікке ілініп отыр. Бірақ ол айыбын жоққа шығаруда.

 «Мен ештеңені жасырмаймын. Қолымнан келгенін жасадым. Бәрі осылай аяқталғанына қатты өкінемін, өзегім өртенеді. Бірақ амал қанша?! Сіздер мынаны ескерсеңіздер деймін. Мен жалғыз емеспін, бүтін бір команда болып жұмыс істедік»,-деді дәрігер Леопольдо Луке.

Естеріңізге сала кетейік, Марадона 25 қарашада 60 жастан асқан шағында жүрек талмасынан қайтыс болған еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер