Тәртіп сақшылары тойды тарқатты

2387
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан «777 (7 бочек)» мейрамханасында қыз ұзату тойы ұйымдастырылған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Салтанатты шараға шақырылмай кіріп барған тәртіп сақшылары жиында 100-ге жуық адамның болғанын анықтаған. Полицейлер аталған жайтқа қатысты карантин талаптарын бұзған азаматтарға ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттар санитариялық-эпедемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Шымкенттік полицейлер тұрғындарды карантин кезінде заң талабына сәйкес әрекет етіп, адамның көп шоғырлануына жол бермеуге шақырады. Айта кетейік, карантин режимі енгізілгелі бері Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері және арнайы құрылған мобильді топ жалпы 910 құқықбұзушылықты анықтаған.

 

Пікірлер