Еңбек министрінің ағасы сотталуда

3667
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының экс-басшысы Тимуржан Нұрымбетовтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Ол 9 млн теңге көлемінде пара алды және қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталуда.

Қазіргі таңда іс Тараз қалалық 2-ші сотында қаралу үстінде. Қылмыстық істе тергеу Қылмыстық Кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы «Алаяқтық» және 361, 4-бөлімі, 3-тармағы «Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану» бойынша жүргізіледі.

Айта кетейік, Тимуржан Нұрымбетов – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың туған ағасы. Бұған дейін оның үй қамауына алынғаны хабарланған еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер